Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің "Айгөлек" бөбекжайы" МКҚК - ның қазақ тілі мұғалімі бос лауазымына конкурс өткізу туралы

10.09.2026
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының «Айгөлек» бөбекжайы» МКҚК Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 наурызда № 35900 болып тіркелген) бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына» сәйкес аптасына 12 сағаттық (0,75 ставка) жүктемесі бар қазақ тілі мұғалімінің бос лауазымына конкурс жариялайды.
Мекенжайы: Ақмола облысы, Атбасар қаласы, Озерная көшесі, 20.
Телефондар: 8-716-43-2-75-01, 8-705-151-53-70
Электрондық пошта: sad2.13@mail.ru
1) Бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы, негізгі функционалдық міндеттері, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары:
Қазақ тілі мұғалімінің бос лауазымы. Лауазымдық ақысы педагогтің біліміне, біліктілігіне және жұмыс стажына байланысты 102 000 теңгеден басталады.
2) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
Педагогтің профиль бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогтік немесе техникалық және кәсіптік білімі немесе жұмыс стажына талап қойылмай педагогтік қайта даярлауды растайтын құжаты болуы тиіс;
және (немесе) орта біліктілік деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс стажы: педагог-модератор үшін — кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін — кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін — кемінде 4 жыл;
және (немесе) жоғары біліктілік деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс стажы — 5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
• Оқытылатын тілдің ерекшелігін ескере отырып, балаларды оқытуды жоспарлайды және ұйымдастырады;
• Балалармен қазақ тілін меңгеруге жағдай жасауды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған қызмет өткізеді;
• Мектепке дейінгі жастағы балалардың жеке тұлғалық тілдік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, олардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға көмектеседі;
• Оқытудың әртүрлі нысандарын, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын сауатты пайдаланады, инновациялық технологияларды меңгерген;
• Жоспарлауға ғылыми-методтық көзқарасты жүзеге асырады, дамыта оқытуға бағыттай отырып, сабақтарға арналған бағдарламалық материалды жетілдіре және түзете біледі;
• Бағдарламалар, оқу-методтық кешендер әзірлейді;
• Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, білім беру ұйымында балаларға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады, кәсіби құзыреттілігін арттырады;
• Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара әрекеттестікті жүзеге асырады;
• Ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға жауапты болады.
3) Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейінгі жұмыс күнінен бастап 2026 жылғы 11 қыркүйектен 2026 жылғы 22 қыркүйекке дейін есептеледі.
4) Құжаттар тізбесі:
1. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (идентификациялау үшін);
3. Толтырылған кадрларды есепке алу бойынша жеке іс-парағы (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген — бар болса);
4. Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу деректерінің нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7. Психикалық, мінез-құлықтық ауытқушылықтары бар науқастарды динамикалық бақылаудың жоқтығы туралы анықтама;
8. Наркологиялық науқастарды динамикалық бақылаудың жоқтығы туралы анықтама;
9. Сертификаттаудан өткені туралы нәтиже сертификаты же қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10. Осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы;
11. Жұмыс (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Кандидат болған жағдайда өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелерін) ұсынады.
Просмотров: 2391


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст