Құзыреттілік орталығы аясындағы тәжірибе алмасу
01.10.2026
"Айгөлек" бөбекжайының әдіскері Амриева Г.О. "Еркежан" бөбекжайы базасында Құзыреттілік орталығының қызметі аясында ұйымдастырылған дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Кездесу барысында білім беру ұйымдарын лицензиялау талаптары, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын негізгі талаптар және оларды орындау ерекшеліктері қарастырылды. Іс-шара барысында шағын орталық тәрбиешілеріне құжаттарды жүргізу және рәсімдеу бойынша әдістемелік қолдау көрсетіліп, тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді. Осындай кәсіби кездесулер педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына, кәсіби құзыреттілігін арттыруға және әдістемелік жұмыстың сапасын жетілдіруге мүмкіндік береді. Кәсіби тәжірибе алмасу – сапалы жұмыстың маңызды негізі!